Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! » Масақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Масақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
14
июль
2023

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Масақ орта мектебі" КММ
2023 жылдың 18- мамыр күні "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбы бойынша сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Мемлекеттің дамуына әділетсіздік танытқандарды өткен ата-бабаларымыз да қатты сынаған. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің және басқа да би - шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз